г. Алматы, проспект Жибек Жолы 128/23

Медицина қызметкерлерінің кәсіби білімін арттыру

Қалалық №30 емханада медицина қызметкерлеріне алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету саласында қолданылатын нормативтік-құқықтық актілер бойынша оқыту өткізілді.

Оқыту барысында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 қазандағы № ҚР ДСМ-146/2020 «Профилактикалық екпелерді жүргізуге медициналық қарсы көрсетілімдердің тізбесін бекіту туралы» бұйрығына ерекше назар аударылды. Аталған бұйрық профилактикалық екпелерді жүргізу кезінде медициналық қарсы көрсетілімдерді анықтау тәртібін регламенттейді. (Адилет)

Іс-шараның спикері — Шугаева Н.Н.
Оқытуға 15 медицина қызметкері қатысты.

Мұндай оқыту іс-шаралары медицина қызметкерлерінің кәсіби білімін арттыруға, қолданыстағы және жаңартылған нормативтік-құқықтық актілермен уақтылы танысуға, сондай-ақ олардың талаптарын тәжірибеде дұрыс қолдануға мүмкіндік береді.

🏥 Қалалық №30 емхана медицина қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттыру және медициналық көмектің сапасын жетілдіру бағытындағы жұмыстарды тұрақты түрде жалғастыруда.