
Манту сынамасы — туберкулинге иммундық реакцияны анықтауға арналған диагностикалық тест. Ол дәрігерге туберкулез микобактерияларын жұқтыру ықтималдығын бағалауға көмектеседі.
Маңызды: Манту сынамасы екпе емес және оның нәтижесі өздігінен «туберкулез» диагнозын растамайды.
Ата-аналар нені білуі керек?
🔹 Сынама балаларға қолданыстағы нормативтік талаптар мен медициналық ұсынымдарға сәйкес жүргізіледі.
🔹 Сынама нәтижесін белгіленген мерзімде медицина қызметкері бағалайды.
🔹 Реакция көлемі арнайы критерийлер бойынша анықталады. Қажет болған жағдайда дәрігер қосымша тексерулер тағайындайды.
🔹 Нәтижені өз бетіңізше өлшеп, баланың ауырғаны немесе ауырмағаны туралы қорытынды жасамаңыз.
🔹 Туберкулин енгізілген жерді күту бойынша медицина қызметкерінің ұсынымдарын орындаңыз.
Егер балаға қосымша тексеруден өту ұсынылса, оны уақытылы өткізу маңызды. Бұл реакцияның себебін нақтылауға және әрі қарайғы бақылау тактикасын анықтауға көмектеседі.
Құрметті ата-аналар! Дәрігермен кеңеспей, профилактикалық тексеруден бас тартпаңыз. Туберкулез инфекциясының қаупін дер кезінде анықтау балалардың денсаулығын қорғауға көмектеседі.
№ 30 қалалық емханасы ШЖҚ КМК