г. Алматы, проспект Жибек Жолы 128/23

ФЛЮОРОГРАФИЯ — ТУБЕРКУЛЕЗДІ ЕРТЕ АНЫҚТАУДЫҢ МАҢЫЗДЫ ҚАДАМЫ

Өкпе туберкулезі ұзақ уақыт бойы айқын белгілерсіз өтуі мүмкін. Сондықтан профилактикалық тексеруден уақытылы өту денсаулықты сақтауда маңызды рөл атқарады.

Кеуде қуысы ағзаларының флюорографиясы — өкпедегі қосымша тексеруді қажет ететін өзгерістерді анықтауға көмектесетін зерттеу әдістерінің бірі.

Неліктен тексеруден уақытылы өту маңызды?

🔹 Туберкулез әрдайым қатты жөтелмен немесе басқа да айқын белгілермен байқала бермейді.

🔹 Күдікті өзгерістерді дер кезінде анықтау қажетті тексеруді тезірек бастауға мүмкіндік береді.

🔹 Өкпеде өзгерістер анықталса, дәрігер әрі қарайғы диагностикалық шараларды белгілейді.

🔹 Туберкулезбен ауыратын адаммен байланыста болған және медициналық ұсынымдарға сәйкес қауіп тобына жататын адамдар үшін тексеруден өту ерекше маңызды.

Қандай белгілерге назар аудару керек?

Осындай белгілер байқалса, дәрігерге қаралуды кейінге қалдырмаңыз және жоспарлы тексеруді күтпеңіз.

Флюорографиядан өту мерзімділігі мен қажеттілігі қолданыстағы талаптарға және жеке медициналық көрсетілімдерге сәйкес анықталады. Жүктілік кезінде рентгенологиялық зерттеу жүргізілмес бұрын бұл туралы медицина қызметкеріне міндетті түрде хабарлаңыз.

Денсаулығыңызға бүгіннен бастап қамқорлық жасаңыз — тексеруден уақытылы өтіңіз!

№ 30 қалалық емханасы ШЖҚ КМК